Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Ресейде журналистің қудалануына қарсы шеру өтті

2019 жылдың 24 маусым 2019 09:11 680

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәскеудің Сахаров даңғылында «Медуза» журналисі Иван Голуновтың қудалануына байланысты «Қоғам әділет талап етеді» атты митинг өтті. Бұл туралы «Интерфакс» ХАТ хабарлады.

Халықаралық ақпарат тобының хабарлауынша, ереуілді Ресейдің Либертариан партиясы мен Журналистердің тәуелсіз кәсіподағы ұйымдастырған. Рұқсат етілген шеруге шыққандар «Новое Величие», «Сеть» (ММУ аспиранты), Азат Мифтаханов («Ашық Ресей» мүшесі), Анастасия Шевченко, тағы басқа да саяси тұтқындарға қатысты істің тоқтатылуын талап етті.

Наразылық білдірушілер мұнымен шектелмей, Санкт-Петербург, Хабаровск, Нижний Новгород, Калининград, Краснодар, Новосібір, Ульяновск, Омбы, Қазан, Новокузнецк, Дондағы Ростов және Самара қалаларында да наразылық акцияларын ұйымдастыру туралы айтты.

Мәскеу полициясы акция өтетін орындарда қауіпсіздік шараларын күшейткен.

Еске салсақ, Ресейдің Латвиядағы «Медуза» интернет басылымының тілшісі Иван Голуновты 6 маусым күні Мәскеудегі Гүлді бульварда жүрген жерінен полицейлер ұстап әкеткен. Мәскеу ІІМ басшылығы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Голуновтың пәтерінен есірткі табылған.
Мәскеудің Никулин соты 8 маусым күні үйқамақ бұлтартпау шарасын қолдануға қаулы шығарды. Алайда 11 маусым күні қалың бұқара оны қорғап кампания ұйымдастырғандықтан, Голуновқа қатысты қылмыстық тексеріс тоқтатылған. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары журналисті ұстаған полиция қызметкерлерінің әрекеттерін тексеріп жатыр.

Басты сөздер: Ресей, Әлем,
Жоғары қарай