Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Республикалық хакатонда кәсіпкерлер жетістікке жету құпияларымен бөлісуде

2019 жылдың 15 қараша 2019 23:56

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде Республикалық хакатон басталды. Оған Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан, барлығы 200 адам қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатысушылар екі күн қатарынан ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы жобалармен жұмыс істейтін болады. Негізгі міндет – ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік беретін нақты егіншілікте жаңа механизмдер мен жүйелерді әзірлеу.

Қатысушылардың барлығы 18-29 жас аралығындағы өнертапқыштар. Олардың арасында студенттер де, жас мамандар да бар.

«Мен осында жас стартаперлерге көмектесу үшін келдім. Өз жолымды бастағанда, осындай іс-шараларға қатысып, менторлар өте жақсы көмектескен болатын. Олардың кеңестерінің арқасында көп нәрсені білдім және түсіндім. Қазір менде білім беру саласындағы IT-шешімдерді әзірлеумен айналысатын Millennium education technologies атты өз компаниям бар. Өз кәсіпкерлік жолын бастаған, өз ісін ашуды армандаған адамдарға көмектесу менің борышым деп санаймын», - деді кәсіпкер Димаш Жүнісов.

Хакатонның бірінші кезеңінде спикерлер сөз сөйледі. Мамандар сәттілікке жету құпияларымен бөлісті. IT-технологиялар саласындағы өзекті бағыттар туралы айтылды. Жәйрем КБК Автоматтандыру және байланыс басқармасының бастығы Асқар Аужановтың айтуынша, жас мамандар үшін қазір ешқандай кедергі жоқ.

«Қарағандыда, жалпы Қазақстанда танысыңыз болмаса, көп ақша табу мүмкін емес дегенді көп естимін. Бұл – олай емес. Мен лайықты жалақы аламын, менің миллиондаған жалақы алатын әріптестерім, таныстарым бар. Және одан да көп төлеуге дайын компаниялар бар. Бірақ егер маман шынымен жоғары білікті болса, онда үлкен портфолио, әсерлі бэкграунд болса ғана. Егер сіз өз ісіне немқұрайлы қарайтын маман болсаңыз, онда сіз қайда көшіп бармасаңыз да байып, көп ақша таба алмайсыз. Керісінше, егер сіз жоғары білікті қызметкер болсаңыз, онда сіз үйден, туған қаладан және әлемнің кез келген нүктесінен жұмыс істей аласыз – фриланс қазір шекара мен кедергілерді жояды. Әркімге өз Отанында болған бөтен елде болғаннан гөрі анағұлым жақсы. Мұнда отбасыңыз, достарыңыз, үйреншікті менталитет қалыптасқан. Табыс пен байлықтың жалғыз кілті - білім мен өзіңіздің біліміңізді арттыру. Әрқашан өзімізге жұмыс жасап, кәсіби тұрғыда өсуіміз керек», - деді ол.

Спикерлер қатарында ауыл шаруашылығы саласының өкілдері де болды.

Баяндамалардан соң қатысушылар жобалармен жұмыс істеуге кірісті. Олар аталмыш тапсырмаларын командаларға бірігіп атқарады. Үздік идеялардың авторлары бір миллион жүлде қорын өзара тең бөлісіп алады. Ең перспективалы әзірлеушілерге олардың жобаларын патенттеуге және ілгерілетуге көмек көрсетіледі.

Жоғары қарай