Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 15:21

РИДДЕР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында деривациялық құбыр жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 желтоқсан сағат 10:38-де Риддер қаласында «ГЭС ЛК» ЖШС құбыры жарылды.

«Серіктестіктің деривациялық құбырының жарылуына байланысты Тихая өзеніне құятын ұзындығы 5 шақырымдық өндірістік каналға су жіберілді. Құбырдың жарылу салдарынан каналдағы су деңгейі шамамен 1 метрге көтерілді. «ГЭС ЛК» ЖШС және Риддер қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері арнаның төменгі нүктелерінде бақылау бекеттеріне бөлініп, жағдайды қадағалап отыр» делінген хабарламада.




Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, гидроэлектр стансаларының қызметкерлері апатты жою және суды Гоматуха өзеніне қайта бөлу жұмысын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп келеді. Жақын орналасқан жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Риддер қаласында су, жылу және электр энергиясы әдеттегі режимде берілуде.

Жоғары қарай