Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Берлиндегі бизнес-форумға қатысты

2019 жылдың 8 қазан 2019 10:02

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Берлинде өткен Қазақстан-Германия бизнес форумына Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың өкілдерінен құралған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рrimeminister сайтындағы ақпаратқа сәйкес, форумға екі елдің іскерлік орталарының 200-ден астам өкілі қатысты. Іс-шара шеңберінде инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы перспективалы жобалар қаралды. Сондай-ақ неміс компанияларымен жалпы сомасы 700 миллионға жуық долларды құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан өзге, LindeGas, SMS Group, CLAAS Group сияқты және тағы басқа компаниялармен ынтымақтастық келешегі талқыланды.




Роман Скляр бизнес форум сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсендендіру, логистика сияқты өзекті салаларда серіктестіктің дамуына серпін беру, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін жақсы алаң болғанын атап өтті.

ҚР Үкіметі басшысының орынбасары атап өткендей, Германия ұзақ жылдар бойы Қазақстанның стратегиялық серіктесі мен сенімді досы болып келеді. Дипломатиялық қатынастар орнатылған 27 жыл ішінде елдеріміз арасында ынтымақтастықтың іргесі мықты архитектурасы құрылды.




Бұдан өзге, көп жылдар бойы Германия Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі. Мысалға, 2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы тарихи максимум – 5,1 млрд еуроға жетті. Бұл Германияның Орталық Азияның барлық елдерімен сыртқы саудасының шамамен 85% құрайды. Бұл ретте, соңғы 14 жылда неміс компаниялары Қазақстанға шамамен $5 млрд инвестициялады.

Қазақстан-герман қатынастарының маңызды кезеңдерінің бірі – бұл Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және сарапшылық орталарының өкілдері үшін формалды емес алаң ретінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы (ҮАЖТ), Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесі, сондай-ақ Берлин Еуразиялық клубы сияқты құрылымдардың ашылуы мен белсенді жұмысы.

Бұдан бөлек, Роман Скляр неміс бизнесі үшін біздің ел Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтті. Бүгін Қазақстан бизнес жүргізу үшін ең қолайлы шарттар ұсынады. Себебі бизнесмендердің барлық бастамалары мемлекет пен Үкіметтің тарапынан үнемі қолдау табады.

Жоғары қарай