Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Роман Скляр Көкшетауда форумға дайындық жұмыстарымен танысты

2019 жылдың 16 қараша 2019 22:27

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Сапар барасында ол келер жылы Көкшетауда өткізілетін 17-ші Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық шеңберінде салынып жатқан нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауқымды шара жаңадан салынып жатқан «Болашақ» сарайында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Құны 6,5 миллиард теңге болатын нысан 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларына қарай аяқталуы тиіс. Жалпы аумағы 7 мың шаршы метр болатын ғимараттың іргесін мердігер компания «BI Civil Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалауда. Нысан интеллектуалдық даму және спорттық зоналар секілді екі блоктан тұратын болады.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың айтуынша, форумға 2 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Қонақтарды жайғастыруға Көкшетауда 1200 орындық қонақүй, мейманханаларда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қонақтарды Бурабай және Зеренді ауданындағы қонақ үй кешендері де қабылдайды.

Бұдан бөлек, «Болашақ сарайының» жанынан екі тұрғын үй салынуда. Бұл үйлердегі пәтерлерге де форум қонақтары жайғастырылатын болады. Кейін бұл пәтерлер саудаға қойылады.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қопа көлінің жағалауын бойлай салынып жатқан автомобиль жолы, Православ шіркеуі, «Хан сарайы» мейрамханасының құрылыс алаңдарында болды. Сондай-ақ

және «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде болды.

Роман Скляр қолға алынған барлық жобалар Үкімет тарапынан қолдау табатынын және Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында екенін атап өтті.

«Жұмыс ауқымы үлкен, уақыт аз. Сондықтан, құрылыс жұмыстарын кестеге сай және сапалы жүргізу қажет»,- деді вице-премьер.

Жоғары қарай