Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Рудныйда жылу торабы құдығынан өрт шығып, бір адам қаза тапты

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 09:46

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы Рудный қаласында жылу торабы құдығында өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

15 қаңтар күні сағат 20:48-де өрт сөндіру қызметіне Рудный қаласы Строительный көшесінің бойындағы жылу өтетін жолдың жылу торабы құдығында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер келген кезде құдықтан қою түтін шығып жатқан. Өрт сөндірушілер өрт сөндіруге кірісіп, сағат 21:15-те тілсіз жауды ауыздықтады. Оқиға орнынан денесін күйік шалған 1978 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болып шықты.

Жалынды сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 2 техника тартылды.

Өрт отты дұрыс қолданбау салдарынан (темекі шегу) шыққан.


Жоғары қарай