Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Сәби өлімін жасыру оқиғасы: Тағы 5 факті анықталды

2019 жылдың 23 қазан 2019 18:06

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Атыраудағы сәби өлімінен кейін медициналық ұйымдарға жүргізілген тексеру нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сараптама нәтижесінде сәбилердің тірі туып, өмірінің алғашқы жеті күнінде шетінеп кеткені анықталды. Бұған дейін 277 жағдай анықталғанын айтқанбыз, бірақ қосымша материалдарды тексере келе осындай 282 жағдай тіркелгені белгілі болды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, сәбилер тірі туғанмен, әртүрлі жағдайларға байланысты алғашқы жеті күн ішінде шетінеп кеткен.

«Бұл сәбилер шынымен тірі туған, бірақ алғашқы жеті күн ішінде туа бітті жүрек ақауы және басқа себептерден шетінеп кеткен. Бұл сандар бала өлімі көрсеткішіне әсер етеді», - дейді ол.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Жоғары қарай