Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Сәдуақас Байғабылов қызылшадан көз жұмған 13 балаға қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 18 қазан 2019 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов балалардың қызылшадан көз жұмуына әкелген асқынуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата-аналардың сау баласын қызылшаға қарсы вакцинациялаудан бас тартуы елорда халқының арасында қажетті иммун қабатшасының әлсізденуіне алып келеді. Салдарынан бұл қызылша вирусы халық арасына қарқынды тарап кетеді, ал екпе жасау жасына жетпеген немесе денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімі бар балалар жұқпа алдында «қорғалмаған» болып саналады», - деді ол.

Қызылша вирусына шалдығу және ауыр асқыну салдарынан 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында «қорғалмаған» 13 бала көз жұмды.

Қызылшаның алдын алуда және ауыр ауысқынуды болдырмаудағы шешуші фактор – екпе егілетін балалардың кем дегенде 95% вакцинациялау.

Жоғары қарай