Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Салықтан босатылған шағын бизнес үнемделген қаражатын қайда жұмсауы керек

2019 жылдың 11 қазан 2019 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Салық төлеуден босатылған шағын бизнес үнемделген қаражатын кірістер мен шығыстарын есептеуді цифрландыруға жұмсауы қажет. Бұл туралы IV Бизнесті қорғау жөніндегі форумда «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығын төлеуден босату жөніндегі тапсырмасына қолдау білдіреді. Бұл ойластырылған әрі тексерілген шешім», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұған қоса бизнес шамамен 244 млрд теңге салық түріндегі кіріс алады. Сондықтан олар өздеріне қарсы міндеттеме алып, жұмыстарын өркениетті форматқа көшірулері тиіс.

«Бизнес үнемделген ақшаларын онлайн бақылау-кассалық машинасын, Pos терминалдар орнатуға, кірістер мен шығыстарды есептеуді цифрландыруға жұмсауы тиіс. Нәтижесінде бизнес субъектілері 3 жылдың ішінде кірістер мен шығыстарды толыққанды есептеуге көшуі қажет», - деді Тимур Құлыбаев.

Жоғары қарай