Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Сапарбаев Елбасының мақтауы туралы: Мені жігерлендіреді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасыдан мақтау естіген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өзіне айтылған сөзге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте, кез келген адам үшін бұл жағымды. Бұл сөз одан ары жақсы жұмыс жүргізу үшін мені жігерлендір еді », - деді Бердібек Сапарбаев Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингтен кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен бірге, Үкімет басшысының орынбасары бұрынғыша халық үшін ашық болаты нын жеткізді .

«Мен жаңа лауазымды бар болғаны үшінші күн жұмыстамын. Бүгін сіздермен кездесіп отырмын – ашық екенімнің дәлелі осы болар. Бұрын да сондай болғам. Алдағы уақытта өзгермеймін. БАҚ өкілдерімен де әрдайым кездесіп тұрамын», - деді ол.

Еске сала кетсек, жақында ғана Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.


Жоғары қарай