Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Сапархан Омаров елімізде ірі қара - 11 млн, қой - 24 млн бастан асатынын болжады

2020 жылдың 17 наурыз 2020 10:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көкөніс фермерлік шаруашылықтар саны 65 мыңға жетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы салаларының даму әлеуеті зор. Мұнда отбасылық фермерлік шаруашылықтар өндіріс моделінің негізі болады. Олар өткізу, оқыту және ветеринарлық қызмет көрсету мәселелерінде бірігеді. Жер үсті және жер асты суларымен қамтамасыз етілген жайылым, ауыл халқы түріндегі еңбек ресурстары сияқты барлық қажетті ресурстар елімізде етті мал шаруашылығы саласын дамыту үшін жеткілікті және саланы инвестициялық тартымды етеді», - деді министр.

Оның айтуынша, етті мал шаруашылығы дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуы малшы фермерлердің жаңа санатын құруға мүмкіндік береді және фермерлік шаруашылықтар санын 20 мыңнан 65 мыңға дейін өсуіне, ірі қара мал санының 7,4 млн бастан 11,2 млн басқа дейін артуына, қой санының 19,1 млн бастан 24,3 млн басқа дейін көбеюіне, сиыр еті мен қой етін өндіру көлемінің 672 мың тоннадан 902 мың тоннаға дейін ұлғаюына ықпал етеді.

«Ауыл тұрғындары үшін 100 мыңнан 325 мыңға дейін жұмыс орындарын қамтамасыз етеді», - деді Сапархан Омаров.


Жоғары қарай