Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Сарқырама қалай пайда болады – The New York Times

2019 жылдың 17 наурыз 2019 22:41

АСТАНА. ҚазАқпарат -The New York Times басылымының жазуынша, ғалымдар жүргізген зерттеуден кейін бүкіл әлем бойынша геологиялық тарихты қайта жазу қажеттігі тууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл әлем бойынша сарқырамалар табиғаттың ерекше сыйы саналады. Бұрындары ғалымдар сарқырамалар табиғат күштерінің әсерінен пайда болғанын айтып келді. Мысалы, теңіз деңгейінің өзгеруі, жартастардың жылжуы секілді жағдайлар сарқырамалардың пайда болуына әсер еткен деген болжамдар бар. Дегенмен, бұл парадигма өзгеруі мүмкін», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, ғалымдар зертханада кішігірім өзен жасап, сарқырамалардың өздігінен пайда болуы мүмкін екенін анықтады.

«Ғалымдар сарқырамалар арқылы ландшфт тарихын жазып келе жатыр. Енді бұл зерттеу шыңдала түссе, планетамыздың пайда болуына дейін нақты айтуға мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізуге мүмкіндік туады», дейді ғалымдар.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер:
Жоғары қарай