Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Сарыағаш ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды

2019 жылдың 20 қараша 2019 01:00

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жүнісов Сарыағаш ауданында жеке қабылдау өткізді.

Кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселе бойынша сауалдарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдауға келген азаматтар шалғай елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін салу мен жұмысқа қабылдау тәртібі жөнінде, Самал-3 мөлтек ауданында жаңадан табиғи газ қосылуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ, Келес ауданындағы өрт сөндіру мәселелері, Жылға ауылында су басуға жол бермеу бойынша және алдын алу шаралары туралы сұрады.

Азаматтармен кездесуде сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтардың шағымдары мен сұрақтарына толығымен әрі нақты жауаптар берілді.

Облыстық ТЖД бастығы тұрғындарға осы салаға қатысты кез-келген мәселелер бойынша аудандық бөлімдерге шағымдануға болатынын атап өтті.

Жоғары қарай