Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Сарыағаш ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 15:04

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді, , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақ үй елдімекенінде ашылған №69 орта мектебінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Отаршиев қатысып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

Осынау қуанышты күнде сөз алған аудан басшысы сондай-ақ жаңа оқу жылында жаңа табыстар,жетістіктер тіледі. Ал, 1-ші сыныпқа баратын мектеп оқушылары алғашқы қоңырау соғып, мектеп директоры Н.Кулбаеваға жаңа мектептің кілті табысталды. Бұл күні аудандағы №55 Ө.Жәутіков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 240 орындық қосымша ғимараты да пайдалануға берілді. Мектепте білім күні іс-шарасы өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов,аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Көшкінбаев және ата-аналар қатысты. Айта кетейік, биылғы жаңа оқу жылында ауданда 53000-ға жуық оқушы білім алады. 1 сыныпқа 6500 оқушы қабылданса, 2580 оқушы мектепті аяқтайды деп жоспарланған. Өткен жылы сарыағаштық оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, ғылыми зерттеу жұмыстарында, спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Жоғары қарай