Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Сарыағаш ауданында жоғалған баланы полицейлер тапты

2019 жылдың 20 қараша 2019 01:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 10 сынып оқушысы үйден өрістегі сиырларын көріп келемін деп шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Баланы ата-анасы өздері таба алмаған соң, полицияға шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған хабарлама бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторлары Заманбек Көшбаев пен полиция капитаны Серік Дархановтар тез арада жасөспірім баланы табуға кіріседі. Оның баруы мүмкін жерлерін тексеріп, достарынан, туыстарынан, көрген-білгендерден сұрастырады. Нәтижесінде полицейлер жасөспірімнің жүрген жерін анықтап, 25 шақырым қашықтықтағы туысының үйіне барған. Әрі баланы сол үйден тауып, оны анасына дін-аман күйінде табыстады.

«Тергеу барысында анықталғандай, жоғалған 10-сынып оқушысы кешкісін достарымен қыдырып кеткен. Өзімен жасты туысының баласымен бірге соның үйіне барып қонған. Өз кезегінде баласымен аман-есен қауышқан ана аудандық полицейлерге алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай