Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Сарыағаш пен Келес аудандарында жәрмеңкелер өтті

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 12:14

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мұрындық болды.

Аталған шараны Сарыағаш ауданы әкімінің , Көктерек кенті және Тегісшіл ауылдық округі әкімі аппараттары ұйымдастырды. Жәрмеңкеге келген азаматтарға мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұраныстарға жауаптар берілді. Атап айтқанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары , ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бойынша, жұмыспен қамту және басқа да бағыттар түсіндірілді. Мемлекеттік қызметтер көрсететін Сарыағаш ауданының жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы жұртшылыққа кеңінен жеткізді. Жәрмеңкеге қатысқан аудан тұрғындарына брошюралар таратылды. Дәл осындай жәрмеңке Келес ауданына қарасты Абай ауылынlf да өтті. Шараға 120 адам келіп, олардың 95-і мамандардың кеңестерін алды. Тағы 25 адамға түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жәрмеңкеге аудан тұрғындары қатысып, оларға брошюралар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі ауданның барлық аумағында жалғасатын болады.
Жоғары қарай