Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Сарыағашта із-түзсіз кеткен 16 жасар бозбала жалдамалы пәтерден табылды

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 23:51

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Сарыағашта ата-анасымен ренжісіп қалған 16 жастағы жасөспірім үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сарыағаш қаласының жергілікті тұрғыны өткен жылдың 31 желтоқсан күні кешкі сағат 22:00 шамасында 16 жасар ұлының үйінен кетіп қалғанын айтып, полиция бөліміне арызданды. Бірақ ол бірнеше күн кешігіп арыз берген. Себебі ата-анасы табылып қалар деген үмітпен өз күшіне сеніп, туыстарының барлығын шарлап, баланы іздеген. 4-ші күн дегенде іздестіру жұмыстарынан нәтиже шықпаған олар бар үмітін сақшыларға артты.

Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Сарыағаш АПБ барлық учаскелік полицейлері жұмылдырылды. Әр полицей өз аумағына қарасты үй-жайларды тексеріп, бала баруы мүмкін деген ойын-сауық орталықтарын да шолып шығады. Осылайша полицейлер іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырады. Яғни жоғалған жасөспірімді іздеу үшін бірнеше мобильдік топ құрылады.

Жасөспірім бала Сарыағаш қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Кейіннен белгілі болғандай, анасымен сөзге келіп қалған ол жалдамалы пәтерде тұрып, ата-анасына деген ренішін осылай көрсетпек болған.

Бүгінгі таңда ол отбасымен бірге дін аман.

Өз кезегінде аман-есен табылған баланың анасы полицейлерге ыстық ықыласын білдіріп, алғысын жаудырды. Әсіресе, қырағылық танытып, уақыт жоғалтпай тез арада іздестіруді бастап кеткен учаскелік полицейлер - полиция майоры Сәкен Тұрлыбековке, полиция капитаны Алмас Қуанышбайұлына және полиция аға лейтенанты Нұрсейт Анарбаевқа ерекше ризашылығын жеткізді.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай