Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Сарыағашта қуаты 20 МВт болатын күн электр стансасы іске қосылады

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 17:24 1171

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «TURKISTAN INVEST» компаниясының мәліметінше, жаңа станса құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ, 10 таратушы құрылғы орнатылады деп жоспарланған. «Жасыл» энергия көздерінен  өндірілген электр энергиясы «KEGOC»-қа жеткізілмек.



null

Тартылған инвестиция құны 35 млн доллар. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта 42 гектар жердегі құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады.



null
Электр стансасы ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

 

 

 

Жоғары қарай