Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Сәтбаев тұрғын үй инспекциясының басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 10:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы К.Ш. Күнеділоваға алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қалған қаражатты аудару үшін «Хлебстрой» ЖШС-ның Қарағанды филиалы директорынан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаражатты алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы иемдегенуге әрекеттенгені үшін күдіктелді. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Сәтбаев қалалық сотының үкімімен К.Ш. Күнеділова алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 12 миллион теңге айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай