Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Сауд Арабиясында нөсер салдарынан 12 адам қаза тапты

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 20:40 784

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының солтүстігі мен батысында нөсер салдарынан қаза тапқандардың саны 12 адамға жетті. Бұл туралы елдің азаматтық қорғаныс қызметі бүгін Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Нөсер салдарынан Медине қаласында жеті адам қаза тапты, соның бірі корольдікте тұрақты тұратын шетелдік. Ал Джиддада үш адам, Хаиль ауданында екі адам мерт болды», - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының солтүстігі мен батысында жексенбіде басталған нөсер толастар емес. Жауын-шашын ақырындап ел астанасына жылжып келеді. Соңғы үш күнде аталған аудандардағы білім мекемелерінде сабақ болған жоқ. Жолдарда жаңбыр суы ағып кететін арықтар, қажетті инфрақұрылым болмағандықтан, су басқан жолдар кішігірім өзенге айналып жатыр. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай