Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Сауд Арабиясының нысандарына шабуыл жасалғаннан кейін мұнай бағасы шарықтап кетті

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:25

ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат –14 қыркүйек күні Сауд Арабиясындағы Абкайк мұнай өңдеу кәсіпорны мен Хурайс мұнай кен орнында екі мәрте болған шабуыл салдарынан кейін мұнай бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды BBC агенттігі. https://www.bbc.com/news/business-49710820

Шабуылдар мұнай қондырғыларына зақым келтіріп, оны өндіру тоқтатылды. Мұнда әлемдік жеткізілімдердің 5% астам бөлігін құрайтын мұнай өндіріледі.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 10% артып, барреліне 66,28 долларды құрады. Ал West Texas Intermediate маркалы мұнайдың бағасы 8,9% өсіп, Азия биржасында 59,75 доллар болды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ-тың мұнай қорын пайдалануға рұқсат бергеннен кейін баға біршама арзандады.

Сауд Арабиясының мұнай шығару өнеркәсібінің дәл ортасындағы кен орнына және мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуыл - әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытына тигізген ірі соққы болды.

BBC мәліметінше, зақымданған нысандардың жұмысын толықтай қалпына келтіруге бірнеше апта керек. Мемлекеттік Saudi Aramco мұнай алпауыты шабуылдар өндірісті күніне 5,7 млн баррельге қысқартқанын мәлім етті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өткен сенбіде болған жойқын шабуылды Тегеран ұйымдастырнуы ықтимал деді. Алайда ешқандай дәлел келтірмеді. Сондай-ақ, ол йемендік көтерілісшілер жағдайға кінәлі деген қауесетті жоққа шығарып, шабуылдардың Йеменнен бжасалғаны жөнінде дәлелдің жоқтығын атап өтті.

Иран АҚШ-ты «жалған мәліметі үшін» айыптады.

Сауд Арабиясы Корольдігі әлемдегі ірі мұнай экспорттаушы. Ол күніне жеті миллионнан астам баррель мұнай жеткізеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясының биылғы маусым айындағы мұнай қоры 188 млн баррельді құраған.

«Абкайк пен Хурайстағы мұнай нысандарына келтірілген залал көлемі үлкен, сондықтан мұнай жеткізілімін қайта қалпына келтіру үшін бірнеше апта кетуі мүмкін», - деді Лондондағы Interfax Energy аналитикалық бөлімінің басшысы Абхишек Кумар.

Сауд Арабиясы осы аптада эспортты қалыпты режімде ұстау үшін мұнай қорын жұмсайды деп күтілуде.


Басты сөздер: Әлем, Мұнай,
Жоғары қарай