Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Сауда және интеграция министрлігі алдында қандай міндеттер тұр

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экспорттаушыларды қолдаудың қаржы және қаржы емес шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы тұғырнамасында және жақында өзінің халыққа арнаған Жолдауында да біздің тауарымызды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге аса назар аударды. Сауда соғысы дәуірінде біз экспорттағы позициямызды сақтап қалуға ғана емес, сондай-ақ қазақстандық өнімнің басқа елдерге өткізілуін кеңейтуге тиістіміз. Бұл ретте, экспорт құрылымын шикізат тауарларынан өңделген өнімдерге қарай өзгерту жөнінде алдымызда маңызды міндет тұр», - деп тоқталды министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, қазір кезде Үкімет экспортты дамытуға бағытталған барлық бағдарламаларды, яғни индустриялық-инновациялық даму, бизнестің жол картасын, кәсіпкерлікті қолдаудың әртүрлі бағдарламаларын үйлестіру бойынша жұмыс істеуде.

«Жуырда Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілді. Құжатта тауардың шетел нарықтарына шығару кезінде туындайтын кедергілерді төмендетуге ерекше назар аударылған. Біз экспортталған өңделген тауарлар желісін кеңейтеміз, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдаудың қаржы және қаржы емес шараларын күшейтеміз. Жол картасының аясында машина жасау саласында шағын және орта бизнеске ең төменгі ставкамен несие беруді, өңдеуші өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына несие ставкаларын субсидиялауды, үшінші елдерде қоймаларды ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Шет елдермен бірге құрылыс қызметтерінің стандарттары мен техникалық талаптарын өзара тануды көздеп отырмыз», - деді Б. Сұлтанов.


Жоғары қарай