Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Сайлау-2019: Әміржан Қосанов сайлауалды тұғырнамасын жария етті

2019 жылдың 12 мамыр 2019 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Әміржан Қосанов өзінің сайлауалды тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әміржан Қосановтың сайлауалды тұғырнамасы: «Саяси бостандықтар», «Ұлттық болмыс», «Сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі тәуелсіздік», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Өркениетті әрі халықшыл экономика», «Бақуатты аймақтар - бақуатты мемлекет» атты 6 бөлімнен тұрады.

Онда кандидаттың сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, мемлекет өмірінде қандай өзгерістер болып, еліміздің қай бағытпен дамитыны туралы жоспарлары қамтылған.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.

Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Сайлау 2019, Сайлау,
Жоғары қарай