Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Сайлау-2019: Халқымыз мемлекет тағдырына бей-жай қарамайды - министр Абаев

2019 жылдың 6 маусым 2019 22:12 1076

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 маусымда біздің халқымыз мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтынын көрсетер деген сенімдеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау туралы өрлене сөйлеп, рухтандырар сөздерді айтқым келмейді. Сайлау - азаматтың міндеттемесі емес. Ол - оның құқығы. Ол құқықты пайдалану немесе пайдаланбау - әркімнің өз ісі. Әрбір азамат өзі үшін қандай мемлекетте тұрғысы келетінін немесе балалары қандай елде тұратынын шешуі керек. Білесіз бе, Шерхана Мұртазаның «Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз жанашыр, табанды әрекет қажет» деген сөзі бар. Сондықтан, сайлауға барып, дұрыс таңдау жасау - халқымыздың оң әрекеті болар еді. «Асүйде» отырып алып, өз дауысыңның маңызы туралы филофиялық ойларды қарша бората беруге болады. Бірақ, ол дауыстың сайлау жәшігіне түспей салмағы болмасы анық», - деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзінде тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан халқы президент сайлауға жоғары дәрежеде келгенін паш еткенін атап өтті.

«Менің ойымша, бұл - өз-өзіңе, қоғамға деген құрмет. Сондықтан, 9 маусымда біздің халқымыз мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтынын көрсетер деген сенімдеміз», - деді Дәурен Абаев.

 

 

Жоғары қарай