Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Сайлау-2019: Кандидаттардың телевизиялық пікірталасына 41 млн теңге жұмсалады

2019 жылдың 24 мамыр 2019 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өткізуге 41 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, біз өкілетті органға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне хат жазып, пікірталасты және пікірсайысты өткізуге техникалық мүмкіндігі бар, қоғамдық қамту ауқымы үлкен телеарнаны айқындауды сұраған едік. Содан бізге «Хабар» агенттігі ұсынылды. Екіншіден, пікірталас пен пікірсайысты өткізуге 41 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясы арнайы келісімшартқа отыруды тапсырды. Ол нақтыланатын болады», - деді Ләззат Сүлеймен.

Айта кетейік, бүгін ҚР ОСК Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өткізу туралы қаулыны қабылады. Оған сәйкес телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Хабар» агенттігі АҚ-ның телевизиялық арнасы эфирінде көрсетіледі.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Сайлау 2019, БАҚ,
Жоғары қарай