Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Сайлау-2019: Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабы таныстырылды

2019 жылдың 12 мамыр 2019 12:45 1111

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров республикалық сайлауалды штаб жетекшісі болып бекітілді. Сайлауалды тұғырнамамызды халыққа жеткізу үшін ертеңнен бастап аймақтарға іссапарға шығамыз. Сайлауалды науқан кезінде партияның баспасөз қызметі үздіксіз жұмыс істейді. Баспасөз қызметін Назгүл Мақжан басқарады», - деді Жамбыл Ахметбеков журналистерге арналған брифингте.

Өз кезегінде ҚКХП баспасөз қызметінің жетекшісі Назгүл Мақжан республикалық сайлауалды штабпен қатар облыстардағы аймақтық сайлауалды штабтар ашылғанын мәлімдеді.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайлауалды  науқанға кірісті. Жергілікті жерлердегі сайлауалды штабтар ашылып, сайлау науқанына қатысты жұмыстар басталып кетті», - деді ол.

Шара аясында ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты, республикалық сайлауалды штаб жетекшісі А. Қоңыров ҚР Президенттігіне үміткер Ж. Ахметбековпен  республикалық сайлауалды штабының лентасын кесті.

 

 

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сайлау 2019, Сайлау,
Жоғары қарай