Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Сайрам ауданында 19 көше мен 3 көпір жөнделді

2019 жылдың 6 маусым 2019 22:54 730

САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сайрам ауданында өткен жылы аудандық бюджеттен қаралған 547,8 млн теңгеге 60 ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ал, ауыл округі әкімдіктерінің есебінен ұзақтығы 13,8 шақырымды құрайтын 19 ішкі көше жолы орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы 3 көпір жөнделді.

Өткен жылы Ақсукент ауылындағы «Ақсу-қалалық қоқыс орны - аудандық аурухана - теміржол вокзалы» бағытындағы 3,3 шақырымдық жол және Аққала ауылына кіреберістегі «Көксәйек - Шаян - Аққала - Сарқырама» автожолы күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстарға облыстық қазынадан 899,5 млн теңге қаралған. Оған қоса аудандық маңызы бар 6 жолға 246,6 млн теңге қаржы бөлінді. Ал, 27,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар пайдалануға берілді.

null 

 

 

Жоғары қарай