Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Сайрам ауданында пәтерлерді тонап келген күдіктілер ұсталды

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 21:50

САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сайрам ауданында пәтерлер мен жеке үйлерді тонап келген күдіктілер ұсталды. Тергеу барысында тұрғындарға шамамен 2,5 млн теңге шығын келтірілгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД бспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілерді ұстауға жергілікті тұрғынның арызы себеп болған. Шағымданушы қыркүйек айының басында үйіне белгісіз біреулер кіріп, шкафтан алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Үй иесіне жалпы сомасы жарты миллионнан астам теңге шығын келтірілген.

Аталған қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі із кесушілерден құралған жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде баукеспелерді Түлкібас ауданында кезекті ұрлық үстінен ұстады. Олардың ішінде біреуі бұрын сотты болғаны анықталды. Артынша ұрланған заттарды сатып алушылар қолға түсті. Олар Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Бүгінгі таңда аталған жайт Сайрам аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жауап алу кезінде ұсталғандардың 15 пәтер ұрлығына қатысты барлығы анықталып отыр.

«Олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланған. Кейде терезе арқылы ақша, алтын бұйымдар, техника және басқа да құнды заттарды ұрлап отырған. Ал, ұрланған заттарды сатып, одан түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, істің барлық мән-жайы және ұсталғандардың басқа да ұрлыққа қатыстылығы анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.





Жоғары қарай