Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Щучинскіде әскерилер арасында шаңғыдан ел чемпионаты өтті

2019 жылдың 3 наурыз 2019 15:43 1016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы жарысынан әскери спортшылар арасында ел чемпионатының үздіктері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы-спорт комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Қарулы күштерінің XVI спартакиадасы аясында ұйымдастырылған шаңғы жарысында еліміздің ең үздік әскери спортшылары бақ  сынасты.

Жарыс бағдарламасы патрулдердің командалық сайысы және патрулдер эстафетасынан (2х5 шақырым) тұрды. 

 «Армия спортшылары кезекті рет өздерінің спорттық шеберліктері мен жеңіске деген құлшынысы және табандылықтарын көрсете білді. Әскери тапсырмалар мен міндеттерді орындауда шаңғы спортының алатын орны ерекше. Сондай-ақ, әскери спортшылар атыс шебінде нысананы көздеп атуда кәсіби шеберліктерін жоғары дәрежеде дәлелдей білді. ҚР Қарулы күштерінің осындай жыл сайын өткізетін спорттық жарыстар әскери мамандардың дайындық барысын одан әрі шыңдауына оң ықпалын тигізеді. Өйткені, аталған сала мамандарының физикалық дайындығы үнемі жоғары деңгейде болуы тиіс»,- деді Армия орталық спорт клубы- спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев.

Сонымен, шаңғы тебуден 10 шақырым қашықтықта патрульдердің командалық жарысында ең үздік нәтижені ҚР Қарулы күштерінің Кадет корпусының әскерилері көрсетті. Ал күміс жүлдені  «Шығыс» аймақтық командасының әскери қызметкерлері иеленді және қола жүлде ҚР Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы басқармасының спортшыларына бұйырды.


null 

2х5 шақырымдық патрульдер эстафетасында І орынды ҚР Қарулы күштерінің Кадет корпусының әскерилері иеленді. Ал ІІ орынды ҚР Қарулы күштерінің тыл және қару-жарақ басқармасының спортшылары қанжығалады, тиісінше ІІІ орынға «Шығыс» аймақтық командасының әскери спортшылары тұрақтады.

Айта кетейік, спорттық бәсеке ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубына қарасты Щучинскідегі шаңғыдан оқу-жаттығу базасында өтті.

 

 

Жоғары қарай