Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

Щучинскіде жоғарыға экстремалды жүгіруден халықаралық жарыс өтіп жатыр

2019 жылдың 4 тамыз 2019 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Щучинскідегі шаңғы базасында «RED BULL 400» ұранымен жүгіруден халықаралық жарыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Щучинскіде «Rull bull 400» биікке экстремалды жүгіру жарысы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ал жалпы елімізде осымен 4-ші рет өтіп жатыр. Бұған дейін Алматы да өткізіліп келді. Бұл халықаралық деңгейдегі жарыс сондықтан, көптеген әлем елдерінде жоғары қарқынмен өтеді. Алғаш бастауын 2004 жылы Австриядан алды. Жарыс қатысушылары трамплин арқылы 400 метр жоғарыға қарай жүгіреді. Ереже бойынша экстремалды жүгірудің екі түрі болады: жеке және топтық құрамда қатысу. Әр командада 4 адамнан болады» - деді аталған халықаралық экстремалды жүгіру жарысының бас төрешісі Тимур Артюхин.




Оның мәлімдеуінше, жүгіру жарысына 300-ге жуық адам қатысуда.

«Ең көп қатысушы әрине өз елімізден 250-ге жуық адам. Сондай-ақ, Ресейден 7-еу, АҚШ-тан -2 адам, Әзербайжан, Қырғызстан және Чехиядан 1 қатысушыдан. Оның 200-ден астамы ер адам, қалғаны әйелдер. Сол сияқты аталмыш шараға қатысқысы келетіндер санының жыл санап артып келе жатқанын да айтып өткен жөн. Алғаш Алматыда ұйымдастырылғанда 200-дей адам қатысса, биыл 700-ден астам алматылық қатысты. Жарысқа 18 жастан жоғары қарай кез келген адам қатысып, бағын сынай алады», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға қаржылай сыйақы беріледі.

Атап айтқанда, 1 орынға 300 мың теңге, 2 орынға 200 мың теңге және тиісінше 3 орынға 100 мың теңге табыс етіледі. Одан бөлек, әрбір қатысушыға медаль беріледі.








Перевод Әли Ибраев
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай