
Мақтааралдық мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері түсіндірілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған кездесуде оқушыларға танымдық дәрістер жүргізіліп, тиісті мәліметтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморгандардың фунцияларын бәсекелес ортаға берудің қағидаттары айқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасына Мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндама таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алғаш рет Мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы дайындап, оны Мемлекет басшысының назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен сыйақысы қалай өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 4 мемлекеттік органда еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі сынамадан өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап.
Notice: Undefined offset: 1 in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/application/views/Lenta/section_articles.php on line 18
Оңтүстіктегі 8 ескерткіш - «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері»
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша 8 ескерткіш Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олар - Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік, инвестициялық форумында айтты.

Мемлекет басшысының үш тапсырмасы да мерзімінен бұрын орындалды - Руслан Рүстемов
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымдық білім беруді болдырмау, апатты мектептер орнына жаңа мектептер құрылысын салу жөніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен бұрын толықтай орындалды. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлт жоспарында көзделген сот жүйесіне қатысты барлық жаңалықтар іске қосылды - Жүсіпбекова
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы өзінің «100 нақты қадам»: Ұлт жоспарында тәуелсіз мемлекетіміздің әр саласында жүргізілетін маңызды реформалар туралы айқындады. Соның бірі сот саласына қатысты. Бүгінде Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» тармағында көрсетілген міндеттерге қатысты орындалып, заңдық құжаттар қабылданып, бірқатар жұмыстар атқарылды». Елбасының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы жайлы Қызылорда қаласы №2 кеңсе меңгерушісі М Жүсіпбекова өз ойын осылай айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да өнеркәсіп кәсіпорындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық прокуратурасы Ұлт жоспарын қарқынды жүзеге асыруда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Прокуратура Қазақстан халқы үшін» атты өзгерістер бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Қызылорда облыстық прокуратурасымен бірқатар қарқынды жұмыстар жүзеге асыруда, деп мәлімдеді облыс прокуроры Халидулла Дәуешов. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қызылордада «Жастар-болашақ энергиясы!» атты облыстық еріктілер слеті өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырған «Жастар-болашақ энергиясы» атты облыстық еріктілер слеті өткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр бойы халқы индустрияландырудың игілігін көріп жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елбасының биылғы жыл басында халыққа жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі - «Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту үшін индустрияландыруды жалғастыру» болып табылады.

Қызылордалық жеткіншектерге «Өлкетану» курсы оқытылады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мектеп-лицей, мектеп-лицей-интернат, мамандандырылғын мектептер мен білімгерлер академиясын құру арқылы білімнің сапасын басқару жүйесі қалыптастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасай отырып.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай