Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Семейде 700 бос орын ұсынылатын жұмыс жәрмеңкесі өтеді

2019 жылдың 11 қазан 2019 03:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 қазан күні Семейде Мәдениет сарайында бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Онда түрлі кәсіпорындар мен мекемелерден 700-ге жуық бос орын ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Жәрмеңке жұмысына 200-ден астам жұмыс іздеуші, қаланың 30-ға жуық кәсіпорындары мен мекемелері қатысады. Олардың ішінде «Қаражыра» АҚ, Семей машина жасау зауыты, Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты, «Семей цемент зауыты ӨК» ЖШС, Семей Құрылыс материалдары, Каполиграф, Гордорстрой, Қазақцемент, Daewoo Bus, Прииртышская бройлерлік құс фабрикасы, Роза ВВК, Эйкос, Семей механикалық зауыты, Семей машина жасау зауыты және т.б. кәсіпорындар бар.

Жұмыс берушілер 700-ге жуық бос жұмыс орнын, оның ішінде 300-ге жуық қызметкер және 400-ге жуық жұмысшы орнын ұсынады. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік жұмыс орындары, ақылы қоғамдық жұмыстар және жастар тәжірибесі, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстары ұсынылады.

Жәрмеңке қатысушыларына слайдтар, буклеттер, стендтер көрсетіледі.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту қызметінің мамандары атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде, шағын кредит беруде Мемлекеттік кірістер басқармасының жаңа тәсілдері туралы кеңестер береді.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Тұрсынбек Шинжин атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы айтып береді.

Басталуы сағат 10.00-де.
Жоғары қарай