Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Семейде Абайдың мерейтойына орай жаңа спектакль қойылмақ

2020 жылдың 14 ақпан 2020 16:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Дариға-ай»» жастар театры Мұхтар Әуезовтың «Ғажайып трагедиясы» спектаклінің тұсаукесерін өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қойылым ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы сыр шертеді. Дайындығы төрт айға созылған спектакльде 13 актер өнер көрсетеді. Ал сахна декорациясына елордадан мамандар шақырылған. Режиссер Гаухар Адайдың айтуынша, актерлерге қойылған басты талап - кейіпкерлердің сырт бейнесін айнытпай беру емес, өз шеберліктері арқылы олардың мінез-құлқын, жан дүниесін көрерменге шынайы жеткізе білу.

«Сахнадағы көріністер арқылы аудиторияны терең ойға жетелегіміз келеді. Абай бейнесін сомдайтын актерде көзіміз үйренген ақын бейнесіндегі сақал, басқа да бет-әлпет ұқсастығы болмайды», - дейді режиссер.

Абай бейнесін сомдайтын Еркебұлан Нұғымановтың ойынша, хәкімнің рөлін ойнау зор құрмет.

«Кез келген актер өзіне берілген кейіпкерді шынайы бейнелеуге тырысады. Ал Абай бейнесін сомдау - актер үшін нағыз бақыт әрі үлкен жауапкершілік. Көрермендердің ойынан шығу үшін барынша тырысудамыз»,- дейді ол.

Айта кетейік, спектакльдің тұсаукесері ақпанның 21-22 күндері өтеді.





Жоғары қарай