Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Семейде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 21:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Әл-Фарабидің алтын мұрасы» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің кітапханалары бірлесіп кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ұлы ғалымның зерттеулері, трактаттары және мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылған. Сонымен қатар жыл кітабы атанған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты туындысы ұсынылыпты.




«Оқырмандар философтың шығармашылық мұрасымен асқан қызығушылықпен танысты. Көрмеге мұражай қызметкерлері, университет кітапханашылары мен студенттер келді», - дейді музей қызметкерлері.

Шара барысында ұйымдастырушылар әл-Фараби есімі әлемдік ғылым мен мәдениет тарихына нық енгенін атап өтті. Оның еңбектері еуропалық Қайта өрлеу дәуіріне үлкен әсер етті және Батыс пен Шығыс философиясын байланыстырушы көпір болды. Ол көптеген ғылыми салаларды қамтитын 200-ге жуық трактат жазған.





Жоғары қарай