Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Семейде көпбалалы аналарға арналған бағдарлама таныстырылды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 22:11 680

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының əкімі Ермак Сəлімов көпбалалы аналармен кездесті. Жиын барысында қала басшысы «Бақытты отбасы»партиялық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан​ көпбалалы және​ аз қамтылған​ отбасыларды кешенді қолдау бағдарламасы туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде  4 749 көп балалы отбасы тұрады. 2350 отбасының 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Бүгінде тұрмыстық жағдайлар мен табыс деңгейін зерделеу және әлеуметтік қолдаудың қажетті шараларын айқындау мақсатында мобильдік топтардың жұмысы жалғасуда.​

Қала әкімі атаулы әлеуметтік көмек үшін және жұмыспен қамтуды үйлестіру мақсаттарына республикалық бюджеттен 635 миллион теңге көлемінде қосымша қаражат бөлуге өтінім жіберілгенін атап өтті. Бөлінетін қаржы 5040 мұқтаж отбасыны қамтуға мүмкіндік беретін болады.



null  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар мектепке дейінгі мекемелерге ақы төлеуден босатылады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 7062 балаға мектеп формасы сатып алынып,​ 6774 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты көп балалы аналарды қолдауды күшейту», - деді Ермак Бидахметұлы

Қала басшысы ата-аналарға қажетті мамандықты меңгеріп,​ қосымша табыс табу мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Осы мақсатта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 195 жұмыссыз қала тұрғындары үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады.

null

Сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Қазір қалада осы санаттағы азаматтар үшін екі көп қабатты тұрғынүй салынуда. Олардың құрылысын биылғы жылдың соңында аяқталатын болады.

 

 

Жоғары қарай