Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Семейде көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам көз жұмды

2020 жылдың 7 сәуір 2020 14:23

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірін қызыл жалын шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, 6 сәуір күні Әуезов даңғылындағы төртқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына аттанған №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отқа оранған бірінші қабаттағы пәтерге бет алады.

«Пәтер ішіндегі ағаш еден, жиһаздар, терезе мен есікті қызыл жалын шарпыған. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 30 шарты метрді құрады. Төргі бөлмеде иіс тиіп есінен айырылған 1961 жылғы үй иесі табылды. Өрт сөндірушілер медицина қызметкерлері келгенше оған алғашқы көмек көрсеткен. Алайда әйел ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қаза болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.








Сонымен қатар үй иесінің 34 жастағы ұлы жарақат алған. Өрт кезінде ол терезе арқылы сыртқа шығып үлгерген, бірақ екі табанын күйік шалды. Ақ халаттылар көмек көрсеткен ер адамды ауруханаға жатуқызудың қажеттілігі болмады.

Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 9 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялаған. Соңынан анықталғандай, сол күні анасы мен баласы үйде ішімдік ішкен. Өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдаланудан болуы ықтимал. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасуда.





Жоғары қарай