Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Семейде Наурыз мерекесінде 5 мың бауырсақ тегін таратылды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 19:03

СЕМЕЙ. ҚазАқпарт - Семей халқы Наурыз мерекесін кеңінен атап өтті. Мерекелік іс-шаралар қаланың бес бірдей алаңында өтіп, 20-ға жуық киіз үй орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Мереке көркем ұжымдар дайындаған мерекелік концертпен басталды. Өнер ұжымдары өздерінің қазақ халқының салт-дәстүрлеріне негізделген қойылымдарын көрсетті. Қала тұрғындары қойылым барысында бүркітшілер мен аңшылардың өнерін де тамашалай алды.

Мереке барысында қала тұрғындары Наурыз көжеден дәм татып, 5 мыңға жуық бауырсақ тегін таратылды. Үлкен көлемдегі ұлттық қазақ тағамын 150 әже әзірлеген.

«Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!. Дана халқымыз бұл күні бір-біріне амандық тілеп, келер күнге зор үміт артқан. Жаңа күн елімізге тек жақсылық әкелсін», - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Жоғары қарай