Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Семейде тұрақтандыру қоры іске қосылды

2019 жылдың 20 қараша 2019 03:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде тұрақтандыру қоры іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Орталық таратқан мәліметтерге қарағанда, Семей қаласы үшін 2019-2020 жылдардағы маусымаралық кезеңде «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 3000 тонна көлемінде картоп және көкөніс сатып алды.

Оның ішінде картоп – 1500 тонна, қырыққабат-500 тонна, сәбіз 400 тонна, пияз-600 тонна.

Тұрақтандыру қорының өнімдерін сату үшін бөлшек сауда кәсіпорындарымен келісім жасау жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың 19 қарашасына дейін 40 меморандум жасалды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айынан бастап «Агрофирма »Приречное« ЖШС сауда үшін 12 орын бөлінді.

Жұмыс ағымдағы жылдың қараша айының екінші онкүндігінен басталып, 2020 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады.

Жоғары қарай