Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Семейде түрмеден шығаруға көмектесем деген алаяқ ұсталды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 02:54

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғынын «күйеуіңіздің түрмеден шығуына көмектесемін» деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Семей қалалық Полиция басқармасына 22 қаңтар күні арызданған әйел алаяққа алданып қалғанын айтқан. Бейтаныс біреу оған адам өлтіргені үшін темір торға қамалған 60 жастағы жұбайының түрмеден шығуына көмектесетіндігіне сендіріп, бұл «қызметін» 3 млн теңгеге бағалапты. Ойына еш секем келмеген азаматша сұраған сомасын бере салған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталған Үржар ауданының 44 жастағы тұрғыны кінәсін мойындап отыр» - деп хабарлады Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай