Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Семейдегі аспалы көпір жөндеуден өтіп жатыр

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 08:47

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі аспалы көпір жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Жақында қала тұрғындары жаңа көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы пікір білдіре бастады. Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, көпір шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал жақын арада асфальттың жаңа қабаты салынады.

- Семей қаласының аспалы көпірі 10 жыл бойы облыстың көлік және автомобиль жолдары басқармасының қарамағында болған. Биыл оны Семей қаласына тапсырды. Көпірді күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Жұмысқа шетелдік компания тартылды. Олар 10 қыркүйектен жұмысқа кіріспек. Ал, әзірге көпірді толығымен тазалау жұмыстары жүріп жатыр, – деді Жұманов.

Жөндеу жұмыстарын 10 қыркүйектен кейін аяқтау жоспарланып отыр. Кепілдік мерзімі - 1 жыл. Осы уақыт ішінде жұмыстың қаншалықты сапалы жүргізілгенін көруге болады. Ал келесі жылы көпірдің орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Себебі аспалы көпірде 20 жыл бойы толық жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.


Жоғары қарай