Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Семейдегі тарихи ескерткіштерді қорғайтын бағдарлама әзірленбек

2019 жылдың 7 мамыр 2019 16:23 1938

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар мәдени нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

 Ф.Достоевский мұражайында болған өңір басшысы тарихи ғимараттың аумағын аралап, «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасановпен әңгімелесті.

«Қаланың өзіне ғана тән тарихи ерекшелігі болуы қажет. Мемлекет пен мемлекетке тиесілі нысандар бойынша тексеру жүргізу маңызды. Жеке меншік секторға әзірге тиіспейміз. Біз Семейді абаттандыру кезеңінен өттік, енді мен тарихи ғимараттарға бет бұрып, ескерткіштерді сақтау жөнінде бағдарлама жасап, қабылдау маңызды. Бізге жаңа заманмен қатар өткен жүзжылдықтан естелік болатындай нысандар қажет», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Д. Ахметов Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында болып, дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің жұмысымен танысты.

Фото: KazTag

 

Жоғары қарай