Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Семейлік еріктілер қаланы қардан тазарту акциясына қатысты

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 19:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қаланы қардан тазарту акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Семейдегі Абай ескерткішіне іргелес аумақты қардан тазарту үшін 30-ға жуық ерікті шыққан. Олар бұдан бөлек, Восточный кентінде тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын тазартып берді. Игі акцияның ұйымдастырылуына Жастар ресурстық орталығы мұрындық болған.

– Қала бойынша мәдени маңызы бар жерлерді қардан тазарту акциясы өткізілуде. Біз колледждер мен жоғары оқу орындарына қоңырау шалып, еріктілердің атсалысуын сұрадық. Белсене қатысқан жастарға үлкен алғысымызды білдіреміз, - дейді орталық қызметкері Фариза Оңғарова.

Бұл акция ары қарай да жалғасын таппақ. Келесі жолы еріктілер басқа да мәдени нысандардың аумағын қардан тазартады.

Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдау білдірді.



Жоғары қарай