Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Семейліктер «Астанамыз - Нұр-Сұлтан» патриоттық акциясын өткізді

2019 жылдың 25 наурыз 2019 21:35 801

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде «Астанамыз - Нұр-Сұлтан» атты патриоттық акция өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас қаланың атын Елбасы құрметіне өзгерту бастамасын семейліктер де қолдады. Осыған орай Абай атындағы театрда патриоттық акция ұйымдастырылды. Шараға қаладағы  ірі кәсіпорындар қызметкерлері, еңбек ұжымдары, мұғалімдер мен дәрігерлер жəне қала тұрғындары жиналды. Барлығы мыңға жуық адам қатысты.​

 Бабалар аманаты мен ел сенімін арқалаған Елбасы есімін Елордаға беру Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегін әділ бағалаудың жарқың көрінісі деген пікірде.

 «Күрмеуі қиын мәселе, күрдері сұрақтар мен тағдырлы шешім қабылдау жауапкершілігін мойнына алған Елбасы беделі, салмақты ойы мен сарабдал саясаты, бүгінде, жаһан жұртына үлгі, өнеге. Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасымен Қазақстан саяси, экономикалық, рухани жаңғыруға бет алып, ауқымды реформаларды орындап келеді. Елордамызға Нұр-Сұлтан атын беруді, Елбасының өлшеусіз еңбегін әділ бағалаудың жарқың көрінісі деп қабылдаймыз»,-деді Е. Сəлімов.



null

Акцияға қатысушылар Нұрсұлтан Әбішұлының ең маңызды шешімдерінің бірі Семей полигонының жауып, оны бейбіт мақсатта қолдану туралы Қаулысы екенін атап өтті.

«Елбасымыздың бұл әрекетін әлемнің барлық саясаткерлері құптаған болатын. Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен астанамызға Нұр-Сұлтан атауының берілуі - заңды құбылыс», - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арап Еспенбетов.

Елордаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін беруді қолдап жастар ұйымдарының көшбасшылары да сөз сөйледі.

«Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр- қайратымен елеулі еңбек атқарған Тұңғыш Президентімізге Семей жастарының атынан алғыс айтамын» - деді «Жас Отан» жастар қанаты Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Алмас Айтмұқаш.

Акция мерекелік концертке ұласты.

 

 

Жоғары қарай