Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Сенат мобильдік қосымшаны іске қосты

2019 жылдың 29 қазан 2019 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенаты мобильдік қосымшаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаға Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасының іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз. Senate мобильдік қосымшасы бізбен ыңғайлы әрі оңай қарым-қатынас орнату үшін жасалды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетін әрі уақытты бағалайтын жандарға арналған мобильдік қосымша. Сондай-ақ Сенаттың іс-шараларын көруге, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар», - делінген палатаның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Senate қосымшасын AppStore (iPhone) немесе Play market-тен (Android үшін) жүктеуге болады.

«Бұл қызметтің одан әрі жетілдіріле беретінін де айтқымыз келеді. Сондықтан бұл әзірге сынақ ретінде іске қосылып отыр», - деп аталып өткен хабарламада.

Жоғары қарай