Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Сенат төрағасы: Біздің күшіміз бірлік пен қайырымдылықта екенін қазақстандықтар паш етті

2019 жылдың 25 маусым 2019 16:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Арыстағы оқудан көз жұмып және зардап шекендерге көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізге қайғы әкелген осы күндерде жеке өзімнің және Сенат депутаттарының атынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Сіздер душар болған қайғыға ортақтасып, бірге қайғырамыз, біз Сіздермен біргеміз.

Арыс тұрғындарына қол ұшын созған қазақстандықтарға ерекше алғыс айтамыз. Жүрегі мейірімге толы мыңдаған жандар адамдарды көшіруге көмектесті, тамақпен, киім-кешекпен бөлісіп, баспанасыз қалғандарды үйлеріне орналастырды, жоғалған балаларды іздеуге көмек берді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы ержүрек әскери қызметшілер тәуекелге бел буып төтенше жағдай аймағынан адамдарды көшіруде екендігін атап өтті.

«Біздің күшіміз бірлік пен қайырымдылықта және рақымшылықта екенін қазақстандықтар тағы да паш етті. Бүкіл елімізде Арыс тұрғындары үшін киім-кешек, ақша және азық-түлік жинақталып жатыр. Біз тек біріге отырып барлық қиындықтарды еңсереміз, мұқтаждарды қолдау арқылы Арысты қалпына келтіре аламыз», - дейді Д. Назарбаева.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Сенат Аппаратының қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын Арыс қаласында төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендерге аударды.

Басты сөздер: Арыс, Сенат,
Жоғары қарай