Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Сенаторға Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдар жағдайы туралы айтылды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 11:22

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген сенатор Ерік Сұлтанов Ақжар ауданының Талшық ауылында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, депутат жиналғандарға заңнамадағы өзгерістер, атап айтқанда «Педагог мәртебесі туралы» заң мен қылмыстық және әкімшілік кодекстерге енгізілген түзетулер, атаулы әлеуметтік көмек төлемдері туралы хабардар етті.




Е.Сұлтанов бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстанды газдандыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мәслихат депутаттары аудан проблемаларын, оның ішінде бірқатар елді мекендерді ұялы байланыспен қамтып, интернет орнату қажеттігін атап өтті. Бұл мәселе бойынша депутаттық сауал жіберілетін болады.

Сенатор сапар барысында «Бестерек» шағын ауданындағы 500 адамға арналған қазіргі заманғы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.


Жоғары қарай