Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Сенаторлар Алматы облысында агроөнімдерден дәм татып, зауытта жұмыс істеді

2019 жылдың 4 наурыз 2019 20:05 1026

  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына сапармен келген сенаторлар халықпен кездесіп, жаңа Үкіметтің міндеттері, соның ішінде көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын көтеру мәселелері жөнінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Сенатының депутаттары сапарларын Текелі моноқаласындағы  нысандарды аралаудан бастады. Олар алдымен Текелі тау-кен өңдеу кешенінде болып, шойын балқыту процесін көрді. Жұмыс барысын бақылап қана қоймай, қолдарына күрек алып, балқыған шойынға арнайы қоспалар тастады. Бұл кәсіпорын 2018 жылдың соңында алғашқы өнімін шығарып, 2,2 млрд теңге кіріс кіргізді. Жылына 400 мың тонна өнім шығаратын кешенде 970 адам еңбек етеді.

Депутаттар тоқтаған екінші нысан аумағы 5,7 гектарлық жылыжай кешені болды. Жылына 1650 тонна қияр және 1375 тонна қызанақ өсіре алатын жылыжай былтыр жөндеуден өтіп, 100 млн теңгенің өнімін өндірген. Қияр өсіру технологиясымен танысқан сенаторлар балғын өнімнен дәм де татып көрді.

Сонымен қатар халық қалаулыларына шаһардың жылу жүйесін жаңғырту жұмыстары таныстырылды. Қазіргі таңда «Металлург» ықшам ауданына 5 шақырымға жуық құбыр жаңадан тартылып жатыр. Жоба құны - 486 млн теңге.

Текелі қаласының әлеуметтік нысандарына ат басын бұрған жоғарғы палата өкілдері қала тұрғындарымен кездесті. Жаңадан құрылған Үкіметтің жоспарларымен бөлісіп, көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлерін түсіндірді. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға 40 мың баспана тұрғызылатынын атап өтті.


Оның айтуынша, бұл ретте, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» пайыздық үстеме ақысын 2 пайызға дейін төмендету мәселелері қарастырылып жатыр.

«Бір пәтердің аумағы кем дегенде 60 шаршы метр болуы қажет. Соған республика бойынша 8 млн теңгеден артық ақша бөлінсе, оның 10 пайызы жергілікті органдардан қосылуы керек», - деді Әйтімова.



null 

 

Жоғары қарай