Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Сенаторлар шекаралық өткізу бекетіндегі кемшіліктерді анықтап қайтты

2019 жылдың 1 тамыз 2019 23:18

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында бірқатар шаруа қожалықтарында, шекаралық өткізу бекетінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен сенаторлар Железин ауданының Башмачное ауылдық округіндегі «Agro Capital» серіктестігінің жұмысымен танысты. Мекеме басшысы Арман Қазымбетов депутаттарға суармалы жерлердің жағдайы және шаруашылықты одан әрі дамыту мәселелері туралы айтып берді.

Ал Прииртышский ауылдық округіндегі «Неупокоев В.И.» шаруа қожалығының басшысы Владимир Неупокоев көктемгі егіс жұмыстары уақытында аяқталғанын, биыл Беларусь елінен жаңа тұқым себу кешені сатып алынғанын айтты. Қожалық жұмысшылары суармалы жерлермен де жұмыс істеуді көздеп отыр.

««БОЛАШАҚ-АГРО» серіктестігінің алқабында болған кезде шаруашылық басшысы Қуат Анафин суармалы жерлердің жағдайы туралы сенаторларды хабардар ете келіп, алдағы уақытта суармалы жердің аумағын 700 гектардан астамға дейін ұлғайту жоспары туралы айтты. Депутаттар сумен қамтамасыз ету мәселелеріне және жергілікті халық бұрыннан суын пайдаланып келе жатқан Подстарое көлінің жағдайына назар аударды», - делінген баспасөз ақпаратында.

Бұдан әрі халық қалаулылары Қазақстан мен Ресейдің шекарасындағы Өрлітөбе өткізу бекетінде болып, адамдар мен жүктердің құжатын тексеретін кабиналарды қарап шықты. Бір адамға қажетті барлық процедурадан өтуге қанша уақыт жұмсалатынын анықтады. Көтерілген проблемалы мәселелерді сенаторлар жеке бақылауларына алды.

Жоғары қарай