Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Сенатта қасақана қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту мәселесі қаралды

2019 жылдың 19 желтоқсан 2019 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасының бірінші блогы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қамтиды. Олар жекелеген қасақана қылмыстар үшін жауаптылықты қатайту туралы. Атап айтсақ, ұрлық, зорлау, есірткі тарату, браконьерлік, мас күйінде көлік жүргізуге байланысты болып отыр», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары заң жобасында мал ұрлығына қатысты жаңа бап енгізілгенін атап өтті. Жалпы, ұрлық, тонау және қарақшылық мақсатында үй-жайға, қоймаға, көлік құралына заңсыз бұзып кірумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық күшеймек. Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді.

«Заңсыз есірткі айналымы үшін заңнама талаптары күшейтіледі. Электрондық ақпарат ресурстары арқылы есірткі тарату, есірткіні насихаттау мен жарнама үшін қылмысқа жауапкершілік артады», - деді М. Ахметжанов.

Бұдан бөлек ол заңсыз аңшылық пен заңсыз балық аулауға тосқауыл қою мәселесіне ерекше екпін жасалып отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, киік жануарына қатысты жауаптылық күшейтілмек. Табиғатымызды, аң құстарымызды қорғайтын инспекторды және қорықшының өміріне қауіп төндіріп, күш қолданғаны үшін жауапкершілік енгізу қарастырылған.

Еске сала кетейік, қараша айында аталған заң жобасын талқылау барысында Марат Ахметжанов мал ұрлығына қатысты қылмыс түрімен күресті күшейтіп, жауаптылықты қатаңдату керектігін айтқан болатын.

Жоғары қарай