Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Серікжан Бияш 2 ай үйқамақта болады - Астана прокуратурасы

2019 жылдың 11 наурыз 2019 22:58

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Полиция департаменті 2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен Қазақстан Республикасының азаматы Бияш Серікжанды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған негіз болған Бияш Серікжанның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа» шақыруы.

Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды.

Бияш Серікжанның сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың №499 2019 жылғы 5 наурыздағы қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр.

Көрсетілген күдіктіге қатысты барлық іс-әрекеттер ішкі істер органдарымен қылмыстық процестік заңнама аясында жүргізілген.

Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен Бияш Серікжанға қатысты 2 айға «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі өндіріс жалғастырылуда.

Жоғары қарай